Құрмет-Қазақстан Республикасының ордені. 1993 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен белгіленген. Орденмен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады. “Құрмет” ордені қазақ оюларымен нақышталған бес жұлдыз пішінде, оның астынан шапақты сәулелер көрінеді, ортасындағы шеңбердің ішінде гүл жапырақ бейнесіндегі айшықты өрнек, оның астында “Құрмет” атты жазуы бар. Орденмен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.
Галерея
Орденнiң белгiсi бiрiншi түрiндегi (1998 жылға дейін)
1997 жылы Қазақстан Республикасының пошталық маркасында орденнiң белгiсi бiрiншi түрiндегi