fbpx
Уикипедия

Ергенеқон

Ергенеқондастан; ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, көк түріктердің алғашқы мемлекеті — Түрік қағанаты салтанат құрған (552 — 745) кезеңге дейінгі 450 жыл ішінде болған түрлі оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата тегін тарихи деректер бойынша жыр еткен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. “Ергенеқон” дастаны толық күйінде сақталмаған, тек жекелеген үзінділері мен жалпы сюжеттік желісі ғана бізге мәлім. “Ергенеқон” дастанына алғаш назар аударғандар Түркияның түркітанушы ғалымдары — М.Ф. Күпрулу (1896 — 1966), Атсыз Нихал (1905 — 1975) болды. Түрік зерттеушілері “Ергенеқон” дастанына қатысты бірқатар деректерді заманымыздан бұрынғы 1 ғасырда өмір сүрген Қытай тарихшысы Сыма Цянның “Цянь хань Шу” (“Бірінші хан дәуірінің тарихы”) атты кітабынан алғанын, сондай-ақ, ежелгі грек тарихшылары Полиэн, Ктезий, Геродот (заманымыздан бұрынғы 490/80 — 425) жазбаларынан тапқанын айтады. Көне түркі жазба әдебиетінің сюжеттік желісіне енген кейбір тарихи оқиғалар, аңыз-әфсаналар “Ергенек” дастанында ұшырасып қалады. Дастан мазмұны бойынша: баяғы өткен заманда Көк түріктердің елін Иль деген хан басқарыпты. Бұл кезде түркі елі аса қуатты екен. Олардың жебесі жетпеген жер, әскері алмаған ел қалмапты. Бұлардың “даңқы жер жарып, беделі асқар таулардан асып тұрған заманда” көрші отырған бір елдің әміршісі оларға зұлымдық ойлап, түркілерге қарсы соғыс жариялайды. Қан майдан шайқас енді ғана қызып келе жатқан сәтте жау әскері дереу шегініп, қаша жөнеледі. Бұл олардың айла-тәсілі еді. Түркі әскері соңына түсіп, қуып кетеді. Алайда өздеріне қолайлы жерге жеткенде жау жағы жалт бұрылып, қарсы шабуылға шығады. Қапылыста жау қоршауына түскен түркі әскері жеңіліп қалады. Жау оларды қырып-жойып, тірі қалғандарын тұтқындап әкетеді. Иль ханның балалары өте көп еді. Бәрі соғыста қаза табады. Тек кенжесі Қаян ғана тірі қалады. Иль ханның Тоғуз деген жиені де соғыста аман қалып, жауға тұтқын болған екен. Бір күні Қаян мен Тоғуз әйелдерімен бірге тұтқыннан қашып шығып, өздерінің баяғы ескі жұртына келеді. Олар мұнда жайылып жүрген төрт түлік малды көреді де, әрқайсысынан бір-бір жұптан ғана алып, алыс жолға аттанады. Қаян мен Тоғуздың ендігі арманы — артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін жайылымы бар, жанға жайлы жерұйық мекен табу еді. Бұлар талай күндер, айлар, жылдар бойы сарылып жер кезеді. Ешбір жер ұнамайды. “Бірі шөпсіз, бірі сусыз, бірі күнсіз” болып шыға береді. Түркілер ақыры айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған, сарқырап ағып жатқан асау өзендері бар жерге тап болады. Сол үлкен дарияның бір жағы — жеміс ағаштары жайқалып тұрған бау-бақша, екінші жағы — шүйгін шөбінен түйе көрінбейтін кең жазира жайлау екен. Бұл жұмақ тектес жерді “Ергенеқон” деп атапты. Ергенеқон жері түркілерге құтты қоныс болыпты. Қаянның баласы Қаяттан тарағандар қаяттар, ал Тоғуздың баласы Түрілгеннен түркештер тайпасы өмірге келіпті. Бұлардан тараған ұрпақтар өсіп-өніп, төрт жүз жыл ішінде тұтас бір халыққа айналыпты. Түркілердің малы да төрт жүз жыл ішінде көбейіп, Ергенеқон жеріне сыймай кетіпті. Бір күні Ергенеқон елінің әміршісі, кемеңгері, алып батыры Бөрте Шене (бөрі) қарамағындағы халықты жинап алып, оларға қарап үндеу сөз айтады: “Уа, қасиетті Көк Бөрі ананың ержүрек оғландары мен әулеті! Менің айтар сөзімді пайымда, жақсылап ұғып ал! Біздің ата-бабаларымызға қадым замандардан бері осы Ергенеқон жері құтты мекен болған. Арада көп жылдар өтті. Көк Тәңірі бізді қолдап, өстік, өндік, көбейдік. Бұл үшін киелі Ергенеқон жеріне бәріміз бас иіп, тағзым етейік. Әйтсе де біздің ұлы бабалар зираты жатқан қасиетті атамекеніміз анау заңғар таулардың арғы жағында екенін ұмытпайық. Бір кезде бізге қорған болған асқар таулардың қоршауынан амалдап шығайық. Енді аттың басын ата жұртқа қарай бұрайық. Табғаштарды жерімізден қуып шығарайық. Сөйтіп, кек қайтарайық, жер қайтарайық!” — дейді. “Ергенеқон” дастанында Бөрте Шене сөзін күллі халық қалай қолдап-қолпаштағаны, алыс сапарға әзірлік, биік таулардан көштің шыға алмай тұйыққа тірелгені, сонда бір темірші ұстаның жетпіс түйе терісінен үлкен көрік жасағаны, сол арқылы темір тау бөктеріне көмір жағып, ақыры тауды ерітіп салынған жолмен керуеннің өткені, туған жерге жеткені, төрт жүз жылдан кейін табғаштардан кек қайтарғаны, “Түрік қағанаты” атты мемлекет құрғаны жырланады. “Ергенеқон” дастанының қысқаша сюжеттік желісі осындай болып келеді. Ә.Марғұлан бұл дастанда айтылатын дәуір оқиғаларының тарихи шындығы жайында: “Біздің заманымыздан үш ғасыр бұрын — Қытай өкіметі ғұндарға қарсы жойқын соғыс ашып, алты жүз жыл өткенде оларды қиратып бітірген. Бостандықты жақсы көретін ғұндар Алтай тауының, Жетісудың төңірегіне жиналып, суармалы егін егіп, тау-кен жұмысымен шұғылданады. Темір, мыс, алтын шығарады..., 350 жыл өткен соң ғұндардың қалғандары жаңадан көтеріліп, 6 ғ-дың орта кезінде Түрік қағанатын құрады. Түріктердің бұрынғы аталары Күнбатыс теңізінің жоғарғы жағында тұратын. Олар ғұндардың бір ұлы тайпасы еді”, — деп жазады (Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар, А., 1985, 7 — 8-беттер). Бізге қытай, иран, грек тарихшылары арқылы жеткен аңыз бойынша, ғұндар өз жауларынан жеңіліп, халқы түгел дерлік қырылып, жалғыз бір бала аман қалыпты. Жау әскері оны өлтірмей, шөбі шүйгін бір көл жағасына тастап кетіпті. Баланы Көркем көл (Ыстық көл) маңайында жүрген бір бөрі асырайды. Аңшылар соңынан түсе берген соң, әлгі бөрі баланы алып, Алтай тауына қарай кетіп қалады. Бөрінің баланы асырап алған жері Ергенеқон деп аталады. Марғұлан түріктердің ата тегі туралы әфсананы жалғастыра түседі: “Ең таңсығы Ергенеқон алабы, жан-жағын биік таулар қоршап алған кең алқап, қандай жау болса да таудан асып түсе алмайтын мықты бекініс, іші толған байлық, шөбі, суы орасан көп. Бөрінің қаншығы осы арада бекініп, баладан он ұл көтереді. Соның бірі ғұн ұрпағы — Ашина. Түрік қағанатын бірінші рет басқарған ғұн ұрпағы Шене (бөрі) — ақылды, кемеңгер, ойшыл кісі болған, Тоныкөкке ұқсас. ҙзінің ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басты сурет салынған ту байлатып қойған”. “Ергенеқон” дастанындағы кемеңгер Бөрте Шененің халыққа арнау сөз айту дәстүрі кейінірек Түрік қағанаты тұсында өмірге келген “Күлтегін” жырында өз жалғасын тапты. Ежелгі түркі ауыз әдебиетінің мұндай дәстүрі араға сан ғасырлар салып барып жазба әдебиетте жалғаса түскенін “Қорқыт ата кітабынан” да көреміз. Мәселен, елді жау шауып, оны қорғау үшін хан сарайына оғыз батырлары жиналып жатқан сәтте Қорқыт атаның айтатын ұзақ монологы бар. Ол: “Тыңдаңыз, хан ием, кімдер келген екен”, — деп басталады. Кейін Асан Қайғы (15 ғ.) да өзінің желмаясына мініп алып, халқына “қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жерұйық” іздейді. Сөйтіп, “Ергенеқон” дастанына өзек болған идея — халыққа құтты қоныс, жерұйық, бақытты өмір іздеу сарыны араға сан ғасырлар салып барып, Асан Қайғы жырау-толғауларында қайталанады. “Ергенеқон” дастанындағы әфсаналарда да, Асан Қайғы жайындағы аңыздарда да жерұйыққа үш талап қойылады. Олар: малға қолайлы, шөбі шүйгін жер, жау әскері бармайтын қоныс, адамы жүзге келмей өлмейтін мекен. “Ергенеқон” дастаны — түркі халықтарының шығу тегін, түрлі тайпалық топтарға бірігуін, көне кәсібін, өмір сүру салтын аңыз-әфсаналар мен жекелеген тарихи деректер бойынша жыр еткен, бізге толық күйінде жетпеген ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі саналады.[1]

[Ергенеқон].

Дереккөздер

  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау


Ергенеқон
Ергенеқон, дастан, ғұндар, мемлекеттік, бірлестігі, ыдырап, көк, түріктердің, алғашқы, мемлекеті, Түрік, қағанаты, салтанат, құрған, кезеңге, дейінгі, жыл, ішінде, болған, түрлі, оқиғаларды, қамтитын, түркі, халықтарының, ата, тегін, тарихи, деректер, бойынша,. Ergenekon dastan gundar memlekettik birlestigi ydyrap kok tүrikterdin algashky memleketi Tүrik kaganaty saltanat kurgan 552 745 kezenge dejingi 450 zhyl ishinde bolgan tүrli okigalardy kamtityn tүrki halyktarynyn ata tegin tarihi derekter bojynsha zhyr etken auyz әdebieti үlgilerinin biri Ergenekon dastany tolyk kүjinde saktalmagan tek zhekelegen үzindileri men zhalpy syuzhettik zhelisi gana bizge mәlim Ergenekon dastanyna algash nazar audargandar Tүrkiyanyn tүrkitanushy galymdary M F Kүprulu 1896 1966 Atsyz Nihal 1905 1975 boldy Tүrik zertteushileri Ergenekon dastanyna katysty birkatar derekterdi zamanymyzdan buryngy 1 gasyrda omir sүrgen Қytaj tarihshysy Syma Cyannyn Cyan han Shu Birinshi han dәuirinin tarihy atty kitabynan alganyn sondaj ak ezhelgi grek tarihshylary Polien Ktezij Gerodot zamanymyzdan buryngy 490 80 425 zhazbalarynan tapkanyn ajtady Kone tүrki zhazba әdebietinin syuzhettik zhelisine engen kejbir tarihi okigalar anyz әfsanalar Ergenek dastanynda ushyrasyp kalady Dastan mazmuny bojynsha bayagy otken zamanda Kok tүrikterdin elin Il degen han baskarypty Bul kezde tүrki eli asa kuatty eken Olardyn zhebesi zhetpegen zher әskeri almagan el kalmapty Bulardyn danky zher zharyp bedeli askar taulardan asyp turgan zamanda korshi otyrgan bir eldin әmirshisi olarga zulymdyk ojlap tүrkilerge karsy sogys zhariyalajdy Қan majdan shajkas endi gana kyzyp kele zhatkan sәtte zhau әskeri dereu sheginip kasha zhoneledi Bul olardyn ajla tәsili edi Tүrki әskeri sonyna tүsip kuyp ketedi Alajda ozderine kolajly zherge zhetkende zhau zhagy zhalt burylyp karsy shabuylga shygady Қapylysta zhau korshauyna tүsken tүrki әskeri zhenilip kalady Zhau olardy kyryp zhojyp tiri kalgandaryn tutkyndap әketedi Il hannyn balalary ote kop edi Bәri sogysta kaza tabady Tek kenzhesi Қayan gana tiri kalady Il hannyn Toguz degen zhieni de sogysta aman kalyp zhauga tutkyn bolgan eken Bir kүni Қayan men Toguz әjelderimen birge tutkynnan kashyp shygyp ozderinin bayagy eski zhurtyna keledi Olar munda zhajylyp zhүrgen tort tүlik maldy koredi de әrkajsysynan bir bir zhuptan gana alyp alys zholga attanady Қayan men Toguzdyn endigi armany artynan kelgen zhau izdep taba almajtyn shobi shүjgin zhajylymy bar zhanga zhajly zherujyk meken tabu edi Bular talaj kүnder ajlar zhyldar bojy sarylyp zher kezedi Eshbir zher unamajdy Biri shopsiz biri susyz biri kүnsiz bolyp shyga beredi Tүrkiler akyry ajnalasyn asa biik kogildir taular korshagan sarkyrap agyp zhatkan asau ozenderi bar zherge tap bolady Sol үlken dariyanyn bir zhagy zhemis agashtary zhajkalyp turgan bau baksha ekinshi zhagy shүjgin shobinen tүje korinbejtin ken zhazira zhajlau eken Bul zhumak tektes zherdi Ergenekon dep atapty Ergenekon zheri tүrkilerge kutty konys bolypty Қayannyn balasy Қayattan taragandar kayattar al Toguzdyn balasy Tүrilgennen tүrkeshter tajpasy omirge kelipti Bulardan taragan urpaktar osip onip tort zhүz zhyl ishinde tutas bir halykka ajnalypty Tүrkilerdin maly da tort zhүz zhyl ishinde kobejip Ergenekon zherine syjmaj ketipti Bir kүni Ergenekon elinin әmirshisi kemengeri alyp batyry Borte Shene bori karamagyndagy halykty zhinap alyp olarga karap үndeu soz ajtady Ua kasietti Kok Bori ananyn erzhүrek oglandary men әuleti Menin ajtar sozimdi pajymda zhaksylap ugyp al Bizdin ata babalarymyzga kadym zamandardan beri osy Ergenekon zheri kutty meken bolgan Arada kop zhyldar otti Kok Tәniri bizdi koldap ostik ondik kobejdik Bul үshin kieli Ergenekon zherine bәrimiz bas iip tagzym etejik Әjtse de bizdin uly babalar ziraty zhatkan kasietti atamekenimiz anau zangar taulardyn argy zhagynda ekenin umytpajyk Bir kezde bizge korgan bolgan askar taulardyn korshauynan amaldap shygajyk Endi attyn basyn ata zhurtka karaj burajyk Tabgashtardy zherimizden kuyp shygarajyk Sojtip kek kajtarajyk zher kajtarajyk dejdi Ergenekon dastanynda Borte Shene sozin kүlli halyk kalaj koldap kolpashtagany alys saparga әzirlik biik taulardan koshtin shyga almaj tujykka tirelgeni sonda bir temirshi ustanyn zhetpis tүje terisinen үlken korik zhasagany sol arkyly temir tau bokterine komir zhagyp akyry taudy eritip salyngan zholmen keruennin otkeni tugan zherge zhetkeni tort zhүz zhyldan kejin tabgashtardan kek kajtargany Tүrik kaganaty atty memleket kurgany zhyrlanady Ergenekon dastanynyn kyskasha syuzhettik zhelisi osyndaj bolyp keledi Ә Margulan bul dastanda ajtylatyn dәuir okigalarynyn tarihi shyndygy zhajynda Bizdin zamanymyzdan үsh gasyr buryn Қytaj okimeti gundarga karsy zhojkyn sogys ashyp alty zhүz zhyl otkende olardy kiratyp bitirgen Bostandykty zhaksy koretin gundar Altaj tauynyn Zhetisudyn toniregine zhinalyp suarmaly egin egip tau ken zhumysymen shugyldanady Temir mys altyn shygarady 350 zhyl otken son gundardyn kalgandary zhanadan koterilip 6 g dyn orta kezinde Tүrik kaganatyn kurady Tүrikterdin buryngy atalary Kүnbatys tenizinin zhogargy zhagynda turatyn Olar gundardyn bir uly tajpasy edi dep zhazady Margulan Ә Ezhelgi zhyr anyzdar A 1985 7 8 better Bizge kytaj iran grek tarihshylary arkyly zhetken anyz bojynsha gundar oz zhaularynan zhenilip halky tүgel derlik kyrylyp zhalgyz bir bala aman kalypty Zhau әskeri ony oltirmej shobi shүjgin bir kol zhagasyna tastap ketipti Balany Korkem kol Ystyk kol manajynda zhүrgen bir bori asyrajdy Anshylar sonynan tүse bergen son әlgi bori balany alyp Altaj tauyna karaj ketip kalady Borinin balany asyrap algan zheri Ergenekon dep atalady Margulan tүrikterdin ata tegi turaly әfsanany zhalgastyra tүsedi En tansygy Ergenekon alaby zhan zhagyn biik taular korshap algan ken alkap kandaj zhau bolsa da taudan asyp tүse almajtyn mykty bekinis ishi tolgan bajlyk shobi suy orasan kop Borinin kanshygy osy arada bekinip baladan on ul koteredi Sonyn biri gun urpagy Ashina Tүrik kaganatyn birinshi ret baskargan gun urpagy Shene bori akyldy kemenger ojshyl kisi bolgan Tonykokke uksas ҙzinin ereksheligin bildiru үshin ordasynyn kakpasyna bori basty suret salyngan tu bajlatyp kojgan Ergenekon dastanyndagy kemenger Borte Shenenin halykka arnau soz ajtu dәstүri kejinirek Tүrik kaganaty tusynda omirge kelgen Kүltegin zhyrynda oz zhalgasyn tapty Ezhelgi tүrki auyz әdebietinin mundaj dәstүri araga san gasyrlar salyp baryp zhazba әdebiette zhalgasa tүskenin Қorkyt ata kitabynan da koremiz Mәselen eldi zhau shauyp ony korgau үshin han sarajyna ogyz batyrlary zhinalyp zhatkan sәtte Қorkyt atanyn ajtatyn uzak monology bar Ol Tyndanyz han iem kimder kelgen eken dep bastalady Kejin Asan Қajgy 15 g da ozinin zhelmayasyna minip alyp halkyna koj үstinde boztorgaj zhumyrtkalagan zherujyk izdejdi Sojtip Ergenekon dastanyna ozek bolgan ideya halykka kutty konys zherujyk bakytty omir izdeu saryny araga san gasyrlar salyp baryp Asan Қajgy zhyrau tolgaularynda kajtalanady Ergenekon dastanyndagy әfsanalarda da Asan Қajgy zhajyndagy anyzdarda da zherujykka үsh talap kojylady Olar malga kolajly shobi shүjgin zher zhau әskeri barmajtyn konys adamy zhүzge kelmej olmejtin meken Ergenekon dastany tүrki halyktarynyn shygu tegin tүrli tajpalyk toptarga biriguin kone kәsibin omir sүru saltyn anyz әfsanalar men zhekelegen tarihi derekter bojynsha zhyr etken bizge tolyk kүjinde zhetpegen auyz әdebieti үlgilerinin biri sanalady 1 Ergenekon Derekkozder Өndeu A 31 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HҚazak enciklopediyasy III tom 12 tarau Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet https kk wikipedia org w index php title Ergenekon amp oldid 2789798 betinen alyngan, уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана,

мақала

, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар.