Іле және Быжы (Қараталдың саласы) өзендері аралығында, Мойынқұмның шығысында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 25 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км. Орташа биіктігі 1000 м. Ең биік жері – Көкшиелі тауы (1189 м).
Геологиялық құрылымы, жер бедері
Көкешиелі, негізінен, пермдік эффузивті жыныстар аралас туфтан түзілген; ал тілімделген көлбеу солтүстік беткейінің негізі палеогеннің конгломерат шөгінділерімен жабылған. Оңтүстік-шығысы тік.
Өсімдігі
Етегі мен беткейлерінде жусан, бетеге, изен, сай-жыраларында бидайық, қарабас өседі. [1]